3248

Қашықтан оқыту колледждерде қалай жүзеге асырылады

Елордалық ТжКБ ұйымдарында оқу процесі қашықтан жүзеге асырылады, соған байланысты әр ұйымда электронды білім беру ортасының міндетті түрде жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Бұл туралы брифинг барысында елордалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлімдеді.

«Қажетті нұсқаулар әзірленді. Интернет-ресурстарда жалпы пәндер бойынша 7 014, арнайы пәндер бойынша 6 177 бейнесабақ, 19 415 әдістемелік ұсыныстар, 40 763-тен астам практикалық тапсырмалар бар, мыңнан астам мұғалімдер біліктіліктерін арттыру курстарынан өтті. Білім беруді модернизациялау орталығы ТжКБ оқытушыларына арналған оқу үдерісін жақсарту мақсатында апта сайын вебинарлар мен консультациялар өткізеді », - деді Ш.Қадырова.

Сондай-ақ бүгінгі күнге дейін қаланың барлық колледждерінде директордың виртуалды қабылдауы және оқытушыларға, студенттерге, ата-аналарға онлайн-кеңес беру штабы құрылды. Колледждерге Platonus, Google Classroom, Edu page, сонымен қатар Moodle, Sova және басқалары сияқты білім берудің ақпараттық ресурстары 100% қолжетімді.

«Санитарлық нормаларды сақтау туралы айтар болсақ, барлық колледждер мен жатақханаларда санитарлық тазартқыштар, туннельдер орнатылған, бүгінде дезинфекциялау құралдарының қоры жеткілікті. Компьютері жоқ барлық оқытушылар мен студенттер колледждер уақытша пайдалануға беретін жабдықтармен қамтамасыз етілген», - деп түсіндірді Ш.Қадырова.

Компьютері мен интернет-ресурстары жоқ өзге қалалық студенттер жатақханаларға орналастырылып, олар үшін оқуға қолайлы жағдайлар жасалған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109