Достық үйінде «Ana time» жобасы аясында көпбалалы аналарға арналған семинар өтті
Нұр-Сұлтанда әйелдер арасындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша «Ana time» жобасы өтіп жатыр. Семинарда психологиялық, әлеуметтік кәсіпкерлік және практикалық дәріс беріледі.
«Шараны менімен бірге ҚР психологтар одағы бірлестігінің төрайымы, 23 жылдық тәжірибесі бар практикалық психолог Гүлзат Асанова жүргізеді. Бүгін 15 адам жобаның бірінші модульін аяқтады. Олар енді әлеуметтік кәсіпкерлік модульіне дайындалады. Келесі аптада тағы 15 ана бірінші модульге қосылады. Осылайша келер жылдың мамыр айына дейін шара аясында 120 ана қамтылады», - дейді Алтынай Тәңірбергенова.
Жобаның негізгі мақсаты - жалғыз және көп балалы аналардың, «ерекше» балалары бар аналардың табысты жұмыс істеуіне жағдай жасау. Жоба Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен және «Aidyn Nury қайырымдылық қоры» ЖҚ қолдауымен өтуде.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz