«Әсем» сауда орталығы қызметкерлеріне еңбек заңнамасы түсіндірілді
«COVID-19. Кәсіподақтар қауіпсіз жұмыс үшін» ақпараттық науқаны аясында елордалық кәсіподақтар орталығының қызметкерлері «Әсем» сауда орталығының аумағында пандемия кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ сауда орталығының сатушылары мен келушілеріне медициналық маскалар мен COVID-19 инфекциясы қаупіне байланысты шектеулер кезеңінде еңбек заңнамасын қолдану бойынша ұсыныстар жазылған ақпараттық буклеттер таратылды.
Акцияға қатысушылар әр бутикке, әр дүкенге барып, сатушылар мен келушілерге еңбек заңнамасының нормалары мен ережелерін түсіндіріп, қызметкердің заңды құқықтары мен мүдделерін бұзбау үшін нені білу керектігін және жұмыс беруші бұзған жағдайда олардың құқықтарын қалай қорғауға болатындығын айтып берді.
Спикерлердің әрқайсысы мемлекет тарапынан да, кәсіподақтармен де еңбек заңнамасының бұзылуын болдырмау, жұмысшылардың өндірістегі аурулары мен жарақаттарын азайту, қызметкерлердің денсаулығын сақтау және жақсарту бойынша қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтты.
Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері әлеуметтік серіктестіктің барлық деңгейлерінде ерекше бақылауда және бұл тәжірибе жүйелі түрде жалғасатын болады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz