4393

Елорда әкімі әлеуметтік тұрғын үй құрылысы барысымен танысты

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапасына ерекше мән бере отырып құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты әкімнің "Инстаграм" парақшасына сілтеме жасап.

"Жыл соңына дейін бірқатар қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй саламыз. Қаланы аралау барысында жеңілдікпен берілетін үйлердің құрылыс барысымен таныстым. Көппәтерлі тұрғын үй кешендері қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан.

Мәселен, Рыскелді қажы (Сарыарқа ауданы) мешіті жанында орналасқан тұрғын үйді жыл соңына дейін тапсырамыз. Мұнда кезекте тұрған 530 адам пәтер алады. Олар халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жатады.

Сонымен қатар, Алматы ауданы (метроға жақын) мен Жағалау ауданындағы тұрғын үйлердің құрылыс барысымен таныстым. Пәтерлердің жалпы саны 2 мыңнан асады. Олар кезекте тұрғандарға, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына, Шаңырақ "5-10-20" тұрғын үй бағдарламасының қатысушыларына беріледі.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аудара отырып, құрылыс қарқынын арттыруды тапсырдым", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109