«Парасат» оқырмандар клубында «Елорда ақыны» атты шығармашылық кеші өтті
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жағыру» жобалық кеңсесінің жанындағы «Парасат» оқырмандар клубы ақын және дизайнер Жанна Бектемисовамен бірге астаналық ақын-жазушылардың қатысуымен «Елорда ақыны» шығармашылық кеші ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жобалық кеңсе халық арасында рухани байлықты арттыру, мәдени құндылықтарды насихаттау мен кеңінен тарату жұмыстарын кеңінен насихаттауда. Аталған іс-шаралар аясында ақындық өнерді насихаттау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп келе жатыр.
«Кештің негізгі тақырыбы – әдебиет саласындағы өзекті мәселелер және заманауи поэзияның жағдайын талқылау.
Іс-шара ақындар мен олардың шығармаларымен танысу, сондай-ақ «Парасат» оқырмандар клубы аясында болашақ жоспарлар мен кездесулерді талқылау мақсатында өткізілуде», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Кеш жүргізушісі – Балнұр Қызырбекқызы - «Әдебиет порталы» интернет-жобасының шығарушы редакторы, «Интеллектуалды әңгіме» бағдарламасының авторы. Шақырылған қонақ, Қазақстан мен елордадағы иллюстраторлар қауымдастығының негізін қалаушы Мирра Котовская- «Artcraft School» мектебінің иллюстраторы, дизайнер, кітап иллюстрациясының оқытушысы, «Meet&Sketch Astana» скетч-кездесулерінің ұйымдастырушысы.
Айта кетейік, іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz