3899

Ардагерлер мен аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды

Азық-түлік себеттері ардагерлер мен аз қамтылған отбасыларға берілді. Іс-шара волонтер жылы және #bizbirgemiz акциясы аясында өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Себетке қажет өнімдер салынған: май, жарма, қант және т.б. Отбасылар ұйымдастырушыларға көңілі мен қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді.

"Акция аясында ардагерлерге, жалғыз басты көп балалы аналарға және мұқтаж жандарға көмек көрсетілді. Бұл азаматтардың тізімін әкімдік ұсынды. "Магнум" сауда орталығының тікелей қолдауымен 10 отбасыға көмек көрсетілді", – деді “Жас Сарбаз” қозғалысы РҚБ елордалық филиалының төрағасы Асхат Налышбек.

Айта кетейік, акция Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, "Астана жастары" КММ, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының және "Жас Сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының қолдауымен өтті.

"Біз халықтың әл-ауқатын қолдау мақсатында басқа да іс-шараларға қатысамыз. ҰОС, Ауған соғысы ардагерлеріне, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көп балалы отбасыларға азық-түлік себеттерін таратуға жұмылдырылды. Сондай-ақ, еріктілер жалғыз басты қарт адамдардың үйлеріне барады, үй шаруашылығына көмектеседі, қыс мезгілінде аулаларды қардан тазартады және т.б. Мобильді топтармен бірге саябақтарға, сауда-ойын-сауық орталықтарына барамыз, адамдарға маскалар мен антисептиктер таратамыз", - деп атап өтті Асхат Налышбек.

Сондай-ақ, іс-шаралардың бір бөлігі онлайн форматта өтеді. Атап айтқанда, жастар үшін "ерлік сабақтары" мен спорттық жарыстар өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109