Үлескерлерден қаражат жинауға рұқсат алған компаниялардың жаңартылған тізімі жарияланды
Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы үлескерлерден ақша жинауға 21 рұқсат берді. Оның 2-і қазан айында. Берілген рұқсаттардың жаңартылған дерекқоры сайтта жарияланған: saulet.astana.kz/kk/үлестік-құрылыс/
11 құрылыс компаниясы көпқабатты үйдің қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлерден ақша жинауға рұқсат алды. 10 компания - екінші деңгейлі банк жобасына қатысу бойынша.
Еске сала кетейік, «Тұрғын үй құрылысына ортақ қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үлестік қатысу келесі тәсілдердің бірімен ұйымдастырылады:
1 Кепілдік беру қорының кепілдігін алу
2 Екінші деңгейлі банк жобасына қатысу
3 Тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін үлескерлерден ақша жинау.
Үлестік құрылыстың әлеуетті қатысушысы (сатып алушысы) үлескерлерден қаражат тартуға арналған рұқсаттардың болуын тексеруге және сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен кеңесуге құқылы.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz