4041

Нұр-Сұлтанда газ тарифі төмендеді

Нұр-Сұлтанда газ тарифі төмендетілді. Газдың бір текше метрінің бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге төмендетілді. (Бұған дейін бір текше метрді 60 теңге деп белгілеу болжанған еді).

Елордада тұрғын аудандарда кварталішілік газбен жабдықтау желілерін салу бойынша жұмыс жалғасуда. Мысалы, Железнодорожный тұрғын алабында газ тарату желілері арқылы іске қосу толық қамтамасыз етілген. Тұтынушыларды қосу үшін қажетті шаралар қабылдануда.

Көктал-2 және Промышленный тұрғын аудандарында кварталкішілік газбен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды - газ жеткізу құбыры арқылы іске қосылды. Ішкі желілерде пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде.

Көктал-1 тұрғын алабында газ тарату желілерінің 90 пайызы тартылды. Бұл жұмыс Агроқалашық, Оңтүстік Шығыс тұрғын алаптарында да жүзеге асырылады.

Пайдалану шарты бойынша үйлерді газға және есептеу құралдарына қосудың техникалық шарттарын алу үшін тұрғындар фронт-кеңселерге хабарласулары керек.

Биыл ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қазандықтары да газға ауыстырылды. Газдандыру процесі үш кезеңнен тұрады, барлық тұрғын аудандар кезең-кезеңімен қосылады. Газдандыру қоршаған ортаны жақсартуға ғана емес, тұрғындардың денсаулығына да пайдалы әсер етеді, сонымен қатар жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайларын айтарлықтай жеңілдетеді.

Газдандыру мәселесі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109