1748

Қарлы боранда жолда қалсаңыз не істеу керек - құтқарушылар кеңесі

Құтқару қызметі қазақстандықтарды алдағы қолайсыз ауа райы жағдайлары туралы тұрақты түрде хабардар етіп тұрады. Бұл алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді. Егер қатты боран туралы ескерту болса, онда қауіпсіздік үшін терезелерді, есіктерді, шатыр люктерін және желдеткіш саңылауларын тығыз жабу қажет. Сондай-ақ, аса қажеттілік болмаса, трассаға шықпаған жөн. Осы және басқа да негізгі қауіпсіздік ережелері туралы ТЖД бастығының орынбасары Есен Байыров брифингте айтып берді.

"Егер сіз елді-мекеннен алыс жерде жаяу жүріп, бағытыңызды жоғалтып алсаңыз, бірінші кездескен үйге кіріп, орналасқан жеріңізді анықтап, ауа-райының жайлы болуын күту қажет", - дейді Есен Байыров.

Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қалың қар мен боранның кесірінен көбіне көлік жолдары мен теміржол магистральдары тайғақ жолға айналады. Мұндай жағдайда қарапайым ережелерді есте сақтау керек:

- Егер боранды, желді күні көлікте тұрып қалсаңыз, тоқтау керек және ашық түсті матаны іліп қою арқылы өзіңіз тұрған жерді белгілеу керек;

- Әрі қарай, машинаны алдымен жел бағытына қарай орналастырып, қозғалтқышты радиатор жағынан жабу керек;

- Отынды үнемдеңіз, пеш үздіксіз жұмыс істемеуі керек. Машинаны қар басып қалмау үшін, бір есікті ара-тұра ашып, мұз басқан жағдайда, есікті итеріп, мұзды сындыру қажет.
Боранда көліктің ішінде қалған жағдайда, қаншалықты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз. Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде бөлінетін және автомобиль салонында жиналатын газдың қаупі аязға қарағанда әлдеқайда жоғары.

- Егер жылынғыңыз келсе, сыртқа шығып, газ көліктің ішінде жиналмауы үшін, құбырды қардан тазарту қажет. Бұл жағдайда шығар алдында іштен жіп не арқанмен өзіңізді байлау керек.

- Егер сіздің көлігіңіз жолда тоқтап қалса, үрейленбеңіз! Сол мезеттегі жағдайды, бағдарды, орналасқан жерді бақылап, қауіпсіздік қызметіне - 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Сондай-ақ, спикер мұзда абай болу қажеттілігін ескертеді. Мұз қатпаған жерлерімен жүруге; мұзда топ болып жиналуға; мұздағы шұңқырларға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға; автомобильдермен өткелдерден тыс жүруге; қараңғы уақытта немесе дұрыс көрінбейтін ауа-райында мұзға шығуға; шектеулі алаңда екіден артық шұңқыр оюға; от жағуға жол берілмейді.

Мұз астынан балық аулауға шеңбер, кеудеше сияқты жеке құтқару құралдары болған кезде жол беріледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109