3718

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері азаматтарды карантин режимін сақтауға шақырады

Елордалық полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында елорда тұрғындары және қонақтарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Полицейлер адамдар көп жиналатын жерлерге барып (скверлер, саябақтар, автобус аялдамалары), тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін түсіндіреді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары қоғамдық орындарға бармауды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды еске салады. Еріктілер тұрғындарға маска таратты. Өткізілген акцияның негізгі мақсаты - коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу және елорда тұрғындарын қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету.

"Елордалық полиция қызметкерлері карантин шаралары мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі, санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтаудың маңыздылығы туралы еске сала отырып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Көп адам бұл шаралардың қажет екенін біледі және атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарайды", - дейді жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Азамат Садықов.

"Карантин режимінің алғашқы күндерінен бастап еріктілер бізбен тығыз жұмыс істеуде. Олар маска таратты, ал кешке мобильді топтың құрамында шектеу шараларын сақтау үшін көңіл көтеру және ойын-сауық орындарын тексеру үшін рейдтерге шықты", - деп қосты ол.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті сақтық шаралары туралы еске салып, азаматтарды қоғамдық орындарда жауапты болуға шақырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109