4788

Нұр-Сұлтанда жол желісі бойында ақылы автотұрақтар саны артпайды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі келісім шарт міндеттемелерін орындамағаны және талаптарды елемегені үшін сотқа «Парковочное пространство Астаны» ЖШС-мен келісімшартты бұзу туралы арыз берді. Заңды негізі жоқ кәсіпорын (Нұржол бульварын қоспағанда) қаланың жол желісі бойына паркоматтар, жол белгілері мен ақпараттық тақталар орнатқан. Жабдықты демонтаждау қажеттілігі туралы «Парковочное пространство Астаны» ЖШС-на бірнеше рет ескертілді, өтініштер еленбеді.

Сонымен қатар тексеру кезінде комиссия қоғамдық көлік тұрақтары үшін төлемдерді заңсыз жинауды анықтады (Нұржол бульварынан басқа). Осыған байланысты Нұр-Сұлтан әкімдігінің көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік иелеріне шығындарды өтеу мақсатында мемлекеттік кірістер департаментіне хат жолдады.

Еске сала кетейік, көшелер мен даңғылдарды кептелістен арылтуға арналған пилоттық жоба 2018 жылдың 15 қаңтарында Нұржол бульварының аумағында басталды. Жоба жеке серіктестік қаржысына жүзеге асырылды. Болашақта паркоматтардың санын кеңейту жоспарланған болатын.

«Парковочное пространство Астаны» ЖШС тарапынан бірнеше рет бұзушылықтарға және тұрғындардың шағымдарына байланысты елорда әкімдігі жобаның кеңеюін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Келісім шартты бұзу туралы сотқа арыз берілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109