2141

Жануарларды қорғау мәселесі бойынша кеңес қараша айында өтеді

Нұр-Сұлтан әкімдігінің бастамасымен құрылған жануарларды қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің алғашқы кездесуі қараша айында өтеді. Отырыста жануарларға қамқорлық жасау секілді өзекті мәселелер көтеріледі. Бұл туралы жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдерімен кездесуде әкімнің орынбасары Нұрлан Солтамбеков мәлімдеді. Ол еріктілерді кеңес қызметіне белсенділік танытып, бірінші отырысқа өз ұсыныстарын білдіруге шақырды.

"Алда қыс, аяз болады. Сондықтан жануарларға уақтылы көмек қажет. Қазіргі уақытта баспанада жөндеу жұмыстары жүргізілуде, қысқы қоршаулар салынуда, сондай-ақ аумақтарды тазарту мәселесі шешілуде. Осы және басқа да өзекті мәселелерді қоғамдық кеңесте көтеру қажет. Бұл мемлекеттік органдардың да, жұртшылықтың да жануарлар құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысының одан әрі стратегиясын әзірлеуге көмектеседі", - деп атап өтті Н.Солтамбеков.

Айта кетейік, кеңес құрамына жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ветеринарлар кірді.

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеген "Жануарларға жауапты қатынас туралы" заңды қабылдау қорытындысы бойынша, заңды іске асыру үшін жануарларды қорғау ұйымдары өкілдерінің пікірін ескере отырып, құқықтық актілер қабылданатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109