2864

Елордада студенттер жатақханаларына мониторинг жүргізілді

«Жас Отан» жастар қанатының елордалық филиалы «Астана - адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің арнайы мониторинг тобының мүшелерімен бірлесіп, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттер жатақханаларына мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында үй-жайлардың санитарлық талаптарға, қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігі, тұрмыстық техникамен және жиһазбен жабдықталу деңгейі бағаланды.

«Қаңтарда біз кейбір жатақханаларда мониторинг жүргіздік. Сол кезде айтылған ескертулер жойылған. Кейбір бөлмелерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, жатақханалардың жағдайы жаман емес. Алайда бірқатар мекемелерде студенттер үшін толыққанды демалыс бөлмелері жоқ, коворкинг аймақтары қажет. Кей жерлерде ас үй мен кір жуатын орын бөлек емес, бұл аймақтар әр түрлі бөлмелерде болғаны дұрыс», - деп атап өтті «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» ЖҚ елордалық филиалының жетекшісі Бақдәулет Жанділдаев.

Айта кету керек, белсенділер Қазақ ұлттық өнер университеті, Астана медицина университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қаз-СУУ, КазУЭФМТ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, КазГЗУ колледжі, Медициналық-техникалық колледжі, Экономика, тамақ өнімдерін өндіру технологиясы және стандарттау колледжі, Қазтұтынуодағының сауда-экономикалық колледжі, Гуманитарлық колледжі, Қаржы академиясы, Тұран-Астана университеті, Қазақ ұлттық хореография академиясы, Еуразия гуманитарлық институты, Қазақ технология және бизнес университеті, Назарбаев Университеті және Astana IT University жатақханаларына барды.

Жалпы, жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметі бойынша қалада 30-дан астам колледж, 16 университет және 40 жатақхана бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109