2418

Кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамту көрсеткіші жақсарды

Бизнес-әлеуеті бар халық санының өсуі және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту елордада кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамту көрсеткіштеріне оң әсерін тигізді. Бұған Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы ұсынған деректер дәлел.

"2020 жылдың 1 шілдесіне ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандар саны 358 524 адамды құрады, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,3%-ға артты. 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бұл көрсеткіш үстіміздегі жылы 4485 бірлікке ұлғайды. Бұл көрсеткіштің өсуіне кәсіпкерлік әлеуеті бар халық санының өсуі және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың кеңеюі әсер етеді", - деп хабарлады басқарма.

Басқарманың мәліметінше, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтанда жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 140 342 бірлікті құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 6,7%-ға артты. Заңды тұлғаларға 50 331 шағын және орта бизнес, жеке кәсіпкерлерге - 89 677, шаруа қожалықтарына - 334.

Сондай-ақ, өз ісін кеңейтуді қалайтындар үшін "Бизнестің жол картасы" жұмыс істейді. Жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлерге гранттар бөліп, инфрақұрылымдық қолдау жасайды. Жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер де, өз ісін ашқысы келетін қазақстандықтар да, оның ішінде әйелдер, мүмкіндіктері шектеулі адамдар және 50 жастан асқан адамдар конкурсқа қатыса алады. Биыл Нұр-Сұлтанда 57 грант иегері анықталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109