3633

МӘМС аясында елорда тұрғындарына қандай медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер қолжетімді

2020 жылдың 1 қаңтарына сәйкес, Нұр-Сұлтанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелген азаматтардың жалпы саны 1 191 650-ға жетті. МӘМС аясында елорданың медициналық мекемелері профилактикалық тексеру, консультативтік-диагностикалық және стационарлық көмек, сондай-ақ қалыпқа келтіру емі қызмет түрлерін көрсетті. Бұл туралы брифингте қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты.

"Сонымен қатар, жыл басынан бері КТ және МРТ, медициналық-генетикалық зерттеулерді, зерттеулердің қымбат түрлері БМСК дәрігерінің жолдамалары бойынша барлық пациенттерге тегін көрсетілді", - деп хабарлады Тимур Мұратов.

Сондай-ақ, қаңтар айынан бастап, амбулаториялық деңгейде ұсынылатын дәрілік заттардың тізімі көбейді. Атап айтқанда, оған 29 ересек және 53 балалар аурулары бойынша жаңа нозология енгізілген.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елордадағы филиал директоры Нұрлыбек Қабдықапаров атап өткендей, науқастармен тұрақты кері байланыс жүргізіледі.

"Байланыс-орталығына 1406 нөмірі арқылы азаматтардың өтініштері мен шағымдары қабылданады. Медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша Қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша байланыс орталығында 2020 жылғы 1 қаңтар мен 1 қараша аралығында 92 241 өтініш тіркелген, олардың барлығы бөлім мамандарымен қаралған", - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Естеріңізге сала кетейік, МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңізді ресми сервистер арқылы – ӘМСҚ сайтынан fms.kz, "Qoldau 24/7" мобильді қосымшасында, Telegram-дағы Saqtandyru-bot-та тексеруге болады.

Qoldau 24/7 қосымшасын жүктеп алып, өтініш, алғыс, ұсыныс қалдыруға болады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес алу да мүмкін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109