Демалыс күндері елордада қандай шаралар өтеді
7 және 8 қарашада елордада бірқатар мәдени шаралар өтеді деп күтілуде. Көрмелерге немесе концерттерге барғысы келетіндер санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
7 қарашада Мемлекеттік академиялық филармония «Астана Операда» «Хоровая музыка П.И. Чайковского» камералық хорының концерттік маусымының ашылуын ұсынады. Концерт П.И.Чайковскийдің 180 жылдығына арналған.
Мемлекеттік «Наз» би театры театрдың балет бишісі Айнагүл Тұрсынованың қазақ биі бойынша шеберлік сыныбын ұсынады. Ол Facebook әлеуметтік желілерінде өтеді: facebook.com/naz.biteatry, Instagram, YouTube: Театр танца Наз. Күні: 7 қараша, уақыты: 18:00.
М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 7 қараша сағат 11:00-де А.Хайттың «День рождения Кота Леопольда» спектаклі көрсетіледі. Оны театрдың YouTube арнасынан көруге болады.
Тәуелсіздік сарайында 31 желтоқсанға дейін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және «Ақанаевтар әулетіне» арналған көрмелер өткізіліп тұрады.
8 қарашаға дейін Бейбітшілік және келісім сарайында экскурсияға бара аласыз. Келушілер сарай залдарын, сьездер фотосуреттерін, түрлі ұлттардың костюмдерін, діни және культтік сипаттағы экспонаттарды, портреттер мен әлемдік және дәстүрлі діндердің беделді діни көшбасшыларының сыйлықтарын көре алады.
Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасында таэквондодан онлайн жарыс өтеді. Іс-шара туралы ақпаратты Instagram-дағы @sport_nursultan сілтемесі арқылы алуға болады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz