2987

Елордалық ҮЕҰ ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналарына өз кәсібін табуға көмектеседі

Ерекше қажеттіліктері бар балалар аналарында көбіне кәсіби дамуға, қоғаммен араласуға мүмкіндік бола бермейді. "Мама про" қоғамдық қорында олар үшін тегін тренинг орталығы мен балалар бөлмесі бар коворкинг жұмыс істейді.

"Аналар біздің тренингтік орталыққа оқуға келіп, сабақ уақытында балаларын тәрбиешілерге қалдырады. Түрлі диагнозы бар балалар келеді: аутизм, церебралды сал ауруы, Даун синдромы және т.б. Бұл ретте инклюзия орын алады. Себебі олар дені сау балалармен бірге жұмыс істейді", - деп атап өтті "Мама про" ҚҚ құрылтайшысы Әсия Тикеева.

Әйелдер қорында шешендік өнерден бастап, бухгалтерлік есепке дейін кәсіби қызмет түрлері оқытылады.

"Біз кәсіби коуч, тренерлермен жұмыс жасаймыз. Оқу барысында біз мақсат қоюды, шешендік өнерді, нишаны және аудиторияны таңдауды, СММ, копирайтинг, тайм-менеджмент,сату, есептеу, бухгалтерлік есеп, эмоциялық зияткерлік, компьютерлік сауаттылық пен дизайнды үйретеміз", - деді Әсия Тикеева.

Сонымен қатар, психологтар әйелдермен жұмыс жасайды. Үш жыл ішінде ұйымда 300 адам оқыды.

“Путь мастерства” ҚҚ жүгіну арқылы психотерапиядан өтіп, табыс табатын жаңа кәсіпті игеруге мүмкіндік бар.

"Біз тоқыма өнерін тегін үйретеміз, оның көмегімен біздің түлектер табыс әкелетін кәсіпке машықтанады. Біз халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан мүмкіндігі шектеулі адамдармен, ерекше қажеттіліктері бар балалар аналарымен тегін жұмыс істейміз",- деді Қоғамдық қордың басшысы Рахима Мұқышева.

Олар үшін тоқу тек табыс көзі ғана емес, сонымен қатар стресті жеңу тәсілінің бірі. Әсіресе, бұл сабақ көбіне пандемия кезінде ойды бөлуге жақсы көмектесті дейді ұйым өкілдері. ҮЕҰ 2019 жылдың желтоқсан айында ашылды және осы уақыт ішінде 100 адамды тоқыма өнеріне үйретті.

Бұған дейін хабарланғандай, елордада тегін құқықтық, психологиялық және медитативтік көмек алуға мүмкіндік беретін 20-ға жуық ҮЕҰ жұмыс істейді. Жалпы алғанда Нұр-Сұлтанда 2996 үкіметтік емес ұйым тіркелген.

Идеяны жобаға айналдыру, оны іске асыру үшін белсенділерге Азаматтық бастамалар орталығында ақпараттық қызметтер, сондай-ақ құқықтық және қаржылық мәселелер бойынша кеңестер беріледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109