2945

Демалыс кезінде мектеп оқушылары үшін қандай іс-шаралар ұйымдастырылады

Оқушылар демалысы елордада «Қазақстан балалары - күзгі интерактив!» ұранымен өтеді. Әр мектепте арнайы іс-шаралар жоспары жасалған, оның шеңберінде құқық қорғау ұйымдарының кеңестері, Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждеріне виртуалды саяхаттар, челлендждер, танымал спортшылармен кездесулер, 3D модельдеу және робототехника бойынша мастер-тренингтер, қолдан жасалған бұйымдар мен суреттер көрмелері өткізіледі. Карантин шаралары қатаңдатылуына байланысты барлық іс-шаралар онлайн режимде өтеді. Бұл туралы брифинг барысында білім басқармасы басшысы Шолпан Қадырова мәлімдеді.

«20 қазан мен 20 қараша аралығында, яғни күзгі демалыс кезінде білім беру ұйымдарында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» айлығы өтеді. Іс-шаралар, бірінші кезекте, құқықтық ақпараттандыруға, оқушыларды шығармашылық және зияткерлік дамытуға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен отбасылар үшін қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға бағытталған», - деп түсіндірді Шолпан Қадырова.

Сондай-ақ 1 қарашада «Дұрыс тамақтану мектебі» жобасы аясында қала мектептерінің оқушылары арасында челлендж іске қосылды, оның негізгі мақсаты - дұрыс тамақтануды насихаттау. Бұл жас ұрпақтың салауатты және мықты болып өсуіне көмектесетін жақсы әдеттер мен дағдыларды қалыптастыруға әсер етеді. Әлеуметтік желілерде барынша тарату арқылы «Бес асыл іс» қайырымдылық челленджі басталады. Іс-шараның негізгі мақсаты-балалардың басқаларға жақсылық жасауға деген ұмтылысын ояту.

«9 қарашада оқушылардың Ұлы Абайдың шығармашылығына қызығушылығын арттыру мақсатымен, «Абайдың Кіші Академиясы» жобасының аясында #besasylis хештегімен «Мен Абайды жырлаймын» челленджі басталады, оның басты міндеті: қарттар мен мұқтаж адамдарға көмек көрсету», - деді Шолпан Қадырова.

Сондай-ақ басқарма басшысы қосымша білім беру ұйымдары күзгі каникул кезінде өз жұмысын әдеттегідей 10 студенттен аспайтын кезекші топтарда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сондай-ақ онлайн режимде, бекітілген кестеге сәйкес жалғастыратынын атап өтті. Карантин шаралары қатаңдатылғандығына байланысты білім беру орталықтарында орналасқан қосымша білім беру ұйымдары филиалдарының және қоғамдық орталықтардың жұмысы тоқтатылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109