4485

COVID-19: елордада аурушаңдық көрсеткіші өсуде, тәулігіне «жедел жәрдемге» 14 шақырту түседі

Елордада қазан айының басынан бері коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Соңғы жеті күнде репродуктивті сан бірліктен асып, бүгінде 1,12-ні құрады. Соңғы аптада COVID-19 ауруы 1,3 есе немесе 27%-ға өсті. Бұл туралы брифингте Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева хабарлады.

«4 қарашадағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының жалпы 14709 жағдайы тіркелді. Олардың 9030-ы симптомды, 5679-ы симптомсыз. Қаланың сырқаттанушылық көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен 2,1 есе жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 1273-ті құрады», - деп хабарлады елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылықты бақылау 4 қарашадағы жағдай бойынша 596 жағдай тіркелгенін көрсетті. Соңғы 5 аптада күніне 5 жағдай тіркелуде.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Муратовтың айтуынша, бүгінде Нұр-Сұлтанда төсек-орын сыйымдылығы 1020 бірлікті құрайтын жеті аурухана бар. Коронавирус инфекциясымен 85 және пневмониямен жатқан 29 науқас бар. Жедел жәрдем қызметі күніне 1561 қоңырау қабылдайды. Оның ішінде орта есеппен 14 жағдай КВИ бойынша шақырады.

Елордада КВИ бойынша биоматериалдар сынамасын алуға арналған 15 зертхана бар.

Ауруханаларды COVID-19 емдеуге қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге келетін болсақ, ұйымдар өкпені жасанды желдету аппараттарымен, 19 компьютерлік томографпен, 27 рентген аппаратымен, 500-ден астам оттегі концентраторларымен және 1584 оттегі нүктелерімен толық жабдықталған.

Сонымен қатар қосымша үш оттегі резервуары, 601 флуометр, 500 көпфункционалды медициналық төсек-орын, 2 жылжымалы рентген кешені, 6 рентген аппараты сатып алынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109