4561

ҮЕҰ, ҚХА және әкімдік өкілдері медиацияны дамыту жолдарын талқылады

Нұр-Сұлтанда "Қоғамдық медиация: теория және практика" тақырыбында онлайн семинар-тренинг өтті. Іс-шараға Нұр-сұлтан қаласы ҚХА қоғамдық және кәсіби медиаторлары, “Senim” медиация және татуласу орталығының, “Келісім” халықаралық медиация және құқық орталығының өкілдері қатысты.

"Медиация әлеуметтік тұрақтылықты арттырудың құралына айналды. Өйткені медиация жанжалдарды сотқа дейін реттеу үшін жұмыс істейді, осылайша олардың ушығып, дауға айналуына жол бермейді.
Медиацияны жаппай енгізу мен оны халқымыздың құқықтық санасына бейімдеу Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытуға серпін береді",-деп атап өтті Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, Нұр-Сұлтан ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Ләззат Құсайынова.

Бүгінгі таңда елордада медиацияның алты орталығы бар. Олар отбасылық азаматтық-құқықтық, еңбек, корпоративтік дауларды шешеді. Сарапшылардың пікірінше, көп жағдайда кез келген жанжалда бейбіт жол тауып, келіссөздер жүргізуге болады. Сонымен бірге заңнаманы да қолға алу қажет.

“Медиация туралы заң бар. Бірақ әзірге медиациялық институты әлеуметтік, психологиялық процесстерді жүргізуге толық іс-әрекеті регламенттелмеген. Әлі күнге дейін медиация институтын ғылыми тұрғыдан жетілдіруді, мемлекеттік органдардың ашықтығы арқылы ақпараттандыру жұмыстарын күшейту, жергілікті әкімшілік пен омбудсмендерді қатыстыру арқылы медиация саласын дамытып, бейбіт процестерді жүргізуге мүмкіндік тудыра аламыз. Сол кезде олардың беделі артатын болады. Яғни жүйені жетілдіру қажет”, - дейді Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы Үкіметтік емес сектормен жұмыс бөлімінің басшысы Нұрбек Пұсырманов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда елордада 2996 ҮЕҰ, оның ішінде 6 медиациямен айналысатын ұйым және 3 медиация кабинеті бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109