4826

«Nur-Sultan debat cup 2020» пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтанда «NUR-SULTAN DEBAT CUP 2020» пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы сертификаттар, қаржылай сыйлық және бағалы заттар табысталды.

«Қашан да пікірсайыс дүниесі адамның өрісіне, ой жетегіне байланысты болады. Өздеріңіздей жастар осындай акцияларға қатысып биіктерден көрінуі үлкен мәртебе. Мемлекет басшысы айтқандай, еліміздің болашағы - жастар. Сол себептен де осы жерден тоқтамай, алдағы таңда осындай пікірсайыс турнирлерін жиі ұйымдастырып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларды анықтап, алға қарай ұмтыла беру қажет. Алдағы уақытта болашақ біздің көшбасшыларымыз бен болашақ зияткерлерімізге тек қана сәттілік тілеймін», – деді Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских.

Пікірсайыс 12 қазанда басталып, 25 қазанға дейін созылған. Турнирге Нұр-Сұлтан қаласының 16 жоғары оқу орыны және 35 орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысқан.

«Біз дамушы демократиялық елдердегі пікірсайыс институтындай бола аламыз және қазір жасап жатқан дүниелеріңіз соған бір қадам жақындата береді. Сіздерге тек қана сәттілік! Сіздерден болашақ саясаткерлер шығатынына сенімдіміз», – деді Ұлттық Пікірсайыс Федерациясының президенті Болат Бұхарбай.

Пікірсайыс ҚР Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған. Шара барысында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күніне орай тақырыптар қозғалған.

Айта кету керек, турнир ZOOM алаңында онлайн-режимде өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109