5359

Елордалық бірлестіктер мен ҮЕҰ қазақтың дәстүрлі қолөнерін дамытуда

Екі жылдан бері Нұр-Сұлтанда дәстүрлі қолөнер шеберлерін біріктірген ұйым - «Астана-Береке» ҮЕҰ жұмыс істейді.

«Біз 2018 жылдың соңында Астана-Берекені ашып, қолөнершілерді жинап, жұмыс істей бастадық. Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша 150 қолөнершіміз бар. Бізге орталық алаңға 20 павильон бөліп, әкімдік көмектесті. Сонымен қатар біздің мамандар жұмыс істейтін екі шеберхана ұсынылды. Олармен біз аула клубтарын ашып, балаларға сабақ береміз. Біздің мақсат - ата-бабаларымыздан қалған қолөнер дәстүрлерін жалғастыру», - деді қоғамдық бірлестік жетекшісі Рауза Балмағамбетова.

Ұйым астаналық мектептерде бес жүзге жуық оқушыға қолөнер сабақтарын тегін өткізеді. Сондай-ақ көп балалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан адамдарға қолөнерді ақысыз негізде үйретеді. Олар матамен және ағашпен, зергерлік бұйымдармен жұмыс жасауды үйренеді.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдар біздің шеберханаларға келіп, зергерлік бұйымдар, тоқыма тоқу, ағаштан бұйымдар жасауды үйренеді. Біз оларға мүмкіндігінше үйретеміз және көмектесеміз. Мен балалармен, басқа адамдармен жұмыс істегенді, өз біліміммен және тәжірибеммен бөліскенді ұнатамын», - дейді зергер Сержан Бәшіров.

2018–2019 жылдары «Шебер - Шәкірт» бағдарламасы бойынша 10мүмкіндігі шектеулі адам оқытылып, жұмысқа орналастырылды.

Жаңа шеберлікті игеруге «Путь мастерства» қоғамдық қоры да көмектеседі. Қорға жүгінетін адамдар тоқу өнерін үйренеді.

«Біз түлектерімізге табыс әкелетін жұмыс табуға көмектесетін тоқу дағдыларын үйретеміз. Олар үшін тоқу тек табыс көзі ғана емес, сонымен қатар стресстен арылудың тәсілі болады. Біз сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар,, халықтың әлеуметтік осал топтарынан, ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналарымен жұмыс жасаймыз», - деді қоғамдық қор жетекшісі Рахима Мұқышева.

ҮЕҰ 2019 жылдың желтоқсанында ашылды және осы уақыт ішінде 100 адамды тоқуға үйреткен.

Айта кету керек, бүгінде Нұр-Сұлтанда 2996 үкіметтік емес ұйым тіркелген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109