10387

Нұр-Сұлтанда заңсыз салынған 28 нысан сүріледі

Нысандарды заңсыз тұрғызылды деп тану туралы сот шешімдері бойынша елордада 28 ғимарат сүрілуге жатады. Бүгінде «Нұр-Сұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңсыз салынған нысандарды анықтау және оларды одан әрі бұзу бойынша іс-шаралар жоспарын бекітуде.

«Бұл ғимараттар заңсыз, мемлекеттік жерге жобалық-сметалық құжатсыз және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына ескертусіз салынған. Тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, нұсқаулық алды. Алайда, бұзушылықтар ерікті түрде жойылған жоқ, соған байланысты сотқа талап арыздар берілді. Қазіргі уақытта соттың заңды күшіне енген шешімдері бойынша атқару парағы Нұр-Сұлтан әділет департаментіне жіберілді», - деді қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Бердалин.

Айта кетейік, биыл басқарма 354 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, жіберілген бұзушылықтарды жою туралы 100-ден астам бұйрық шығарып, 345 хаттама жасаған.

Өндірістік, тұрғын үй немесе шаруашылық нысандарына жер учаскесіне тиісті құқығы жоқ заңсыз құрылыс салғаны үшін жеке тұлғаларға 75 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Шенеуніктер, шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін - 100 АЕК, орта бизнес - 150 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін заңсыз ғимаратты бұзумен немесе онсыз - 700 АЕК.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109