7339

Елорда әкімі тұрғындарды онлайн қабылдады

Қала тұрғындары көтерген негізгі мәселелер қатарына тұрғын үй, медициналық көмек, білім алу, жұмысқа орналасу және т.б. жатады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

“Жұмыс аптасы соңында азаматтарды қабылдадым. Кем дегенде бір адамның мәселесі шешілсе, ол тек сол адамның жағдайын жақсартып ғана қоймай, сонымен бірге оның отбасы мен жақындарының да жағдайын жақсартады.

Қала тұрғындары көтерген негізгі мәселелер қатарына тұрғын үй, медициналық көмек, білім алу, жұмысқа орналасу және т.б. жатады. Баспана кезекке сәйкес беріледі. Сонымен бірге бірқатар тұрғын үй бағдарламалары да бар. Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесе әлеуметтік пәтерлерді алушылар тізімін бірнеше есе кеңейттік: білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінен басқа әлеуметтік қызметкерлер, ТЖД, полиция департаментінің қызметкерлері, мәдениет және спорт қайраткерлері де енгізілді.

Сондай-ақ тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санатын кеңейттік. Егер бұрын тізімде тек толық емес отбасылар, көп балалы отбасылар және ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар болса, қазір тізімге халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының барлық санаттары енгізілді. Оның ішінде жетім балалар да бар.

Тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін біз қала тұрғындарына білім алуға және біліктілігін арттыруға, жұмысқа орналасуға көмектесеміз. Биыл тек жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы бойынша 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Жартысын жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырдық.

Азаматтарды қабылдауда айтылған мәселелерді бақылауға аламыз. Азаматтарды онлайн қабылдауды апта сайын өткіземіз”,- деп жазды  Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109