2042

Нұр-Сұлтандағы коммуналдық қызметтер паркіне жаңа жабдықтар әкелінеді

125 арнайы техника мен 100-ден астам қосымша жабдық елордадағы коммуналдық қызметтер паркіне әкелінеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

“Техниканың қысқы кезеңге дайындығын тексердім. Коммуналдық қызметтер паркі тозғандықтан, техниканы жоспарлы түрде жаңарту қажет. Өткен жылы паркті 165-тен астам қысқы арнайы техникамен жаңарттық. Биыл маусымда тағы 125 арнайы техника мен 100-ден астам қосымша жабдық әкелінеді. Олардың қатарына самосвалдар, тиегіштер, тракторлар, жол машиналары, шағын тиегіштер, сыпыру машиналары және т. б. жатады.

Коммуналдық қызметкерлеріміз ауа-райының қолайсыздығына қарамастан күндіз-түні жұмыс істейді. Олардың ауыр әрі маңызды жұмысының нәтижесінде қалада тазалық сақталып, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалады.

Өткен жылдан бастап коммуналдық қызметкерлердің жалақысы өсті, сыйақы енгізілді. Төтенше жағдай режимі мен карантин уақытында біздің қызметкерлер жұмысын жалғастырды. Коммуналдық қызметкерлерге жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасауды жалғастырамыз”, - деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109