7000

Нұр-Сұлтанда 102 мыңға жуық тұрғын тұмауға қарсы екпе алды

Нұр-Сұлтанда 101 950 адам БМСК ұйымдарында тұмауға қарсы вакцина алды, осылайша 100% халық қамтылды.

Тұмауға қарсы екпе ұлттық екпе күнтізбесіне кірмейді, бірақ жыл сайын жергілікті бюджеттен сатып алынады. Биыл халықты вакцинациялау үшін 110 мың доза сатып алынды.

Әдетте, тегін вакцинация тобына мына санаттағы азаматтар кіреді:

- созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балалар;

- медицина қызметкерлері;

- жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3 триместрі);

- жабық үлгідегі мекемелердегі адамдар (балалар үйі, мектеп интернаты);

- мүгедектер, ересектер және созылмалы аурулары бар балалар;

- 60 жастан асқан қарт адамдар.

Елордада тұмауға қарсы вакцинация науқаны қыркүйектің 10-ында басталып, 15 қазанға дейін созылды.

"Дәстүрлі түрде екпе қазан-қараша айларында жүргізіледі. Коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты маусымдық аурулар кезеңіндегі жағдай күрделене түсуі мүмкін.  Бұған жол бермеу үшін вакцинацияны алдыңғы жылдарға қарағанда ертерек бастау керек болды. Бұл өз нәтижесін берді", - деп атап өтті БМСК басқармасының бөлім басшысы Әлия Өмірзақова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109