Жексенбі күні елордада Алаш тас жолының оң жақ жолағы жабылады
8 қарашада елордада жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін, Уәлиханов көшесінен Орталық базар бағыты бойынша Алаш тас жолының(Бөгенбай батыр көпірі) оң жақ жолағын жабу жоспарлануда.
"Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз", - деп атап өтті Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz