1919

Полиция карантинді бұза отырып жұмыс жасайтын мекемелерді анықтауды жалғастыруда

Кейбір елордалықтар қолданыстағы шектеу шараларын елемей, ойын-сауық мекемелеріне жаппай баруды жалғастыруда.

Тексеру барысында мобильді топ бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

Сонымен, 6 қараша күні сағат 22: 50-де «Анкара» түнгі клубы жұмыс кестесін сақтамай өз қызметін жүзеге асырған. Мекемеде елуден астам жастар демалған.

Сол түні 23: 30-да мобильді топ «Сова» караоке-клубын анықтады. 40 келуші әлеуметтік қашықтық пен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды елемей, ән айтып, көңіл көтерген.

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған бірқатар алдын-алу шаралары көрсетілген қолданыстағы қарарға қайшы, «Алания» түнгі клубында жүзден астам жастар қатты музыкамен көңілді кеш өткізген.

«Бұл мекемелердің иелері тыйым салуды елемей, адамдардың денсаулығына қауіп төндірді. Оларға қатысты жиналған материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді», - делінген хабарламада.

Полиция департаментінің айтуынша, дүкендер, сауналар мен мейрамханалар да тәртіп бұзушылар қатарында. Сонымен, «Камила» дүкені, «Сага» және «Теремок» сауналары, «Кинорум» анти-кафесі кестені сақтамай жұмыс істеді. «Шеф #1» палау орталығы мен «Ырысты» сауда үйінде санитарлық нормалар бұзылды.

«Нұр-Сұлтан полиция департаменті мекеме иелері мен келушілердің жауапсыздығы инфекцияның таралуына әкеліп соқтыратынын ескертеді. Карантин режимін бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады», - деді полиция департаментінде.

Барлығы 2-8 қараша аралығында мобильді топтар аралау кезінде Алматы ауданында 44 бұзушылық, Байқоңыр ауданында - 34; Есіл ауданында - 40; Сарыарқа ауданында - 28 бұзушылық анықтады.

9 қарашадағы жағдай бойынша тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аудандық басқармаларына аудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзған адамдарға қатысты 1893 материал келіп түсті. Жалпы сомасы 174 089 450 теңгеге 847 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 140 310 450 теңгеге 679 әкімшілік айыппұл төленді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109