1953

Елордада мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасында өзекті мәселелер талқыланып, тақырыптық сессиялар өтуде

ІХ қалалық Азаматтық форум 9-12 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласының Азаматтық бастамалар орталығы базасында мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ бірігіп жұмыс жасауы мәселелерін талқылау бойынша, іс-шаралар жоспарына сәйкес "Қоғам және мемлекет: "Birgemiz" серіктестігі мен дамуының 30 жылдығы " тақырыбында тақырыптық сессия өткізіледі.
ІХ қалалық Азаматтық форумында ҮЕҰ қатысуымен жұмыс кездесулерін өткізу шеңберінде күн тәртібіне кіретін мәселелер қарастырылады.

Осыған орай, бүгін "ПИК-пен бірігіп жұмыс жасау және ТКШ саласындағы өзекті мәселелерді шешудегі ҮЕҰ рөлін арттыру мәселелері" тақырыптық сессиясының отырысы өтті.

Тақырыптық сессияға ҮЕҰ басшылары, "iQamal" ассоциациясының, ПИК, тексеру комиссиясының, тұрғын үй инспекциясының, "Есіл", "Алматы" және "Байқоңыр" аудандары әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ қаланың белсенді тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында жұмыстың жаңа форматына көшу аясында ҮЕҰ мен ПИК бірігіп жұмыс жасау мәселелері, ТКШ саласындағы азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелер, ТКШ саласындағы қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізу қажеттілігі, сондай-ақ тұрғындардың аталған мәселелерін шешуге меншік иелерін тарту бойынша одан әрі қадамдар қаралды.  

"Айта кету керек, біз ТКШ-да қанша проблемалық мәселелер жиналғанын көріп отырмыз, бірақ біздің міндетіміз кімнің кінәлі екенін және қалай болғанын түсіну емес. Біз азаматтарды толғандыратын мәселелерді шешуде ҮЕҰ- мен бірлескен қызметтің тиімді тәсілдерін әзірлеуді көздеп отырмыз", - деді "Арнау” даму орталығы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ұлан Әбішев.
 
Естеріңізге сала кетейік, Азаматтық форум екі жылда бір рет өткізіледі. Алдыңғы форум Елордада 2018 жылы өтті. Биыл шара 17 қарашаға жоспарланған.
Форумның мақсаты - азаматтық сектор, мемлекеттік органдар, бизнес-құрылымдар, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығы арасындағы ашық диалокты дамытуға ынталандыру.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109