2067

Көктайғақ, қарлы боран, қатты жел: құтқарушылар қолайсыз ауа-райындағы қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін еске салды

Жақын күндері елордада көктайғақ, жел күшейіп, қар жауады деп күтілуде. Осыған байланысты құтқарушылар қолайсыз ауа-райында сақталуы керек негізгі ережелерді еске түсірді.

Егер жел күшейсе, қауіпсіз ғимаратты паналауға кеңес береміз. Қатты желден үйдің қабырғасын ықтамаңыз, өйткені шифер және басқа шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін.

«Қоғамдық көлік аялдамаларын, билбордтар, салынбаған ғимараттар, ағаштарды ықтамаңыз. Қатты жел кезінде электр сымдарының астында тұру, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті. Боран кезінде бірінші кезекте электр желілері мен жабдықтардың, тұрғын үйлердегі жылыту пештерінің жағдайын тексеру керек», - дейді құтқарушылар.

Егер боран мен дауылда жолда үсті көлікте тап болсаңыз тоқтап, ашық түсті шүберек іліп, тұрақты белгілеуіңіз керек.

Әрі қарай, машинаны желге қарсы қойып, қозғалтқышты радиатор жағынан жабу керек.

«Жанармайды үнемдеңіз, пештің үздіксіз жұмыс істеуі міндетті емес. Егер көлікті қар басып қалу қаупі туындаса, есіктердің бірін мезгіл-мезгіл ашып, қар үйіндісін аршып, көлік салонында қамалып қалмауға әрекет жасаңыз.
Машинада қанша суық болсаңыз да, қозғалтқышты іске қоспаңыз. Қозғалтқыштың жұмысы кезінде бөлінетін және үнемі салонда жиналатын пайдаланылған газдар ең қатты аяздан да қауіпті.

Егер жылынғыңыз келсе далаға шығып, шыққан газ машинаның ішіне жиналмас үшін, шығатын құбырды қазып алыңыз. Бұл жағдайда сыртқа шығар алдында міндетті түрде арқан байлаңыз.

Егер машинаңыз жолда тұрып қалса, үрейленбеңіз, жағдайды, бағдарларды, орналасқан жерді бағалап, 112 қауіпсіздік қызметіне қоңырау шалыңыз», - делінген хабарламада.

Көктайғақ болған жағдайда биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, жайпақ табаны бар тайғақ емес аяқ киімді таңдау керек.

«Жолдың жүру бөлігінде өте сақ болыңыз: асықпаңыз, жүгірмеңіз. Барлық жерлерді көлбеу бетімен айналып өтуге тырысыңыз; мүмкіндігінше қолыңызды бос ұстаңыз, ауыр сөмкелер ұстамауға тырысыңыз, қолдарыңызды қалтаңызда ұстамаңыз - бұл құлау ықтималдығын арттырады. Егде жастағы адамдарға резеңке таяқшаны немесе басы үшкір арнайы таяқшаны қолдануға кеңес беріледі», - деп түсіндірді мамандар.

Бұған дейін 9-11 қарашада Нұр-Сұлтанда көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады деп хабарланған болатын. 10-11 қарашада қарлы боран болады деп күтілуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109