3836

Алты жылда елордада мектеп-интернаттардағы тәрбиеленушілер саны 75%-ға азайды

6 жыл ішінде елордалық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттарда тәрбиеленушілер саны 75%-ға төмендеді. Бұл туралы білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Осыған байланысты, әкімдіктің 2019 жылғы 26 наурыздағы қаулысымен балалар үйі қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы болып қайта құрылды. Сонымен қатар балаларды орталықтан тұрақты тұру топтарынан «SOS Астана балалар ауылына» отбасылық тәрбиемен ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Осы мақсатта Нұр-Сұлтан әкімдігі, «SOS Қазақстанның балалар ауылдары» корпоративтік қоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, «Ана үйі» ҚҚ, қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы арасында меморандумға қол қойылды.

«Сонымен, жыл басынан бері 29 оқушы ауылға ауыстырылды. 2020 жылдың соңына дейін қалған 22 тәрбиеленушіні ауыстыру жоспарланып отыр. Осы мәселеде бізді қолдаған «Ана үйі» қоғамдық қорын атап өткім келеді. Олар ауылдың 10 үйінде және қазандықта ақысыз негізде күрделі жөндеу жүргізді, енді тағы екі үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - деді қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Гүлім Жүсіпова.

Орталықтың функциялары күшейтілді, олар қолайсыз отбасыларға, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге, әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға бағытталған.

Қалада барлығы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 860 бала тіркелген. Оның ішінде 604 бала қорғаншылық пен қамқоршылықта, 79 бала патронаттық тәрбиеде, 4 бала патронаттық отбасыларда, 173 бала жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109