4302

Нұр-Сұлтан ауруханаларында изотермиялық ПТР зертханалары орналастырылды

Нұр-Сұлтанда көпсалалы қалалық ауруханалардың қабылдау бөлмелерінде және стационарлардың акушерлік бөлімшелерінде КВИ бойынша науқастарды тестілеу үшін изотермиялық ПТР зертханалары орнатылды. Олардың көмегімен талдау нәтижелерін 2 сағат ішінде алуға болады. Бір мини-изометриялық кешеннің қуаттылығы - тәулігіне 130 тестілеу.

«Қаланың көпсалалы ауруханаларына кез-келген аурумен түскен науқастар коронавирус инфекциясының тасымалдаушысы болуы мүмкін. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мұндай кешенді сатып алуы науқастардың оқшаулау бөліміндегі уақытын қысқартуға және уақтылы ем қабылдауға мүмкіндік береді», - дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Айта кетейік, осы зертханалық кешендерді қолдана отырып, КВИ-ға сынамалар іріктеу тек қалалық ауруханаларға шұғыл түрде түскен науқастар үшін ғана жүргізіледі. Жоспарлы пациенттер стационарға ПТР анализінің сертификатымен жатқызылады.

Кешендер зертханалық тестілеу жүргізе бастағанына аз уақыт болды. Бүгінде жедел жәрдем бөліміне түскен пациенттерден КВИ-ға 100-ден астам тест алынды.

Елордада КВИ-ге биоматериал жинауға арналған 15 зертхана бар. Зертханалардың жалпы қуаттылығы тәулігіне 10 мыңнан астам тестілеуді құрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109