2177

Мобильді топтар карантин шараларын сақтау бойынша рейдтерді жалғастыруда

Елордада полицейлер, еріктілер және әкімдік өкілдері сауда орталықтарына, дүкендер және адамдар көп жиналатын басқа да орындарға рейд жүргізуде. Іс-шараның мақсаты - коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу. Карантиннің күшеюіне қарамастан, бірқатар мекемелер әлі де талаптарды елемей отыр.

Осылайша, Есіл ауданының мобильді тобы түнгі рейд барысында коттеджде жұмыс істеп тұрған спа-салонды анықтады. Іште бес адам процедура қабылдаған.

"Спа салонның жайлы атмосферасында клиенттерге алты адам қызмет көрсеткен.
Осы мекеменің иесі мен қызметкерлері өз әрекеттері арқылы қойылған талапты елемей, адамдардың денсаулығына қауіп төндірді. Мекеме иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды", - деп атап өтті полиция департаментінде.

Бұзушылықтар "БХБ " түнгі клубында да анықталды, онда 150-ге жуық адам болған. Тексеру кезінде Gatsby пабында 40-қа жуық клиент анықталды. Aqva автомобиль жуу кезінде жұмыс кестесі сақталмаған.

"Мекеме иелеріне қатысты жиналған материалдар жауапкершілікке тарту үшін, Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды", – делінген хабарламада.

Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аудандық басқармаларына аудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзуға жол берген адамдарға қатысты барлығы 1800-ден астам материал келіп түсті. 840-тан астам жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

COVID-19 таралу қаупі жоғары болғандықтан, дәрігерлер қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға және маска тағуға шақырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109