Аналар қалай “бизнесвумен” бола алады: өз ісін бастаудың нақты қадамы
"Кәсіпкер ана" жобасы көп балалы, жалғыз басты, аз қамтылған, сондай-ақ ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға жаңа мамандық игеруге және өз ісін бастауға көмектеседі.
"Біздің курсымызға қатысушылар белгілі бір кәсіпті игеріп, оны дамытып, содан кейін өз бизнестерін ашады. Біз оларға көмек көрсетеміз. Қазіргі уақытта бізге 5 мыңға жуық өтінім бар. Оның ішінде 120 ана оқудан өтіп, сертификат алды. 20 ана өз бизнесімен айналысып жатыр", - деді "Кәсіпкер ана" жобасының менеджері Жұлдыз Байболова.
Айсұлу Хабибулина "Кәсіпкер ана" курсында өзін сұлулық индустриясы саласынан көрген. Ол шаштараз кәсібін ұнатқан екен.
"Кәсіпкер ана" балаларым маған кеңес берді. Осының арқасында мен "Бизнес Бастау" бағдарламасы бойынша грантты жеңіп алдым. Мен сұлулық индустриясын таңдағандықтан, болашақта шаштаразды оқығым келеді. Осы жолмен жүргім келеді", - дейді Айсұлу Хабибулина.
Индира Турлина тек маникюр курсын бітіріп, өзін-өзі жұмыспен қамтыған.
"Бір ай бойы біз аралас, аппараттық маникюр жасауға, база салуға және гель-жабын жасауға үйрендік. Қазіргі уақытта мен үйден жұмыс істеймін", - деді Индира Турлина.
Естеріңізге сала кетейік, "Кәсіпкер ана" әлеуметтік жобасының таныстырылымы өткен жылдың қыркүйек айында өткен болатын. Жобада оқуға өтінімдерді @Kasipkerana_bot Telegram-боты арқылы беруге болады. Бағдарламаның барлық жаңалықтарын @kasipker_ana инстаграм парақшасынан да қадағалауға болады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz