1960

Елорда әкімдігінде орталық теміржол ауруханасын жаңғырту мәселесі талқыланды

Жеке инвестицияларды тарту есебінен орталық теміржол ауруханасын одан әрі жаңғырту мәселесі жұмысқа алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Орталық теміржол ауруханасын жаңғырту мәселесі бойынша инвесторлармен кездесу өтті. "Ruzgar Tedavi Hizmetleri Company" компаниясының өкілдері мемлекеттік- жекеменшік серіктестік аясында аурухананың жаңа корпустарын салуға да мүдделі. Инвесторлар осы медициналық мекемеге барып, стационардың қабылдау, диагностикалық және жалпы хирургия бөлімдерінің және т.б. жұмысымен танысты. Бұл компанияның денсаулық сақтау нысандарын салуда айтарлықтай тәжірибесі бар.

Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы орталық теміржол ауруханасының апатты жағдайын атап өтті. Ғимаратты күрделі жөндеу 60 жыл бойы жүргізілген жоқ. Аурухана жұмысын қолдау үшін екі корпуста ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жеке инвестицияларды тарту есебінен аурухананы одан әрі жаңғырту мәселесі жұмысқа алынды.

Сонымен бірге осы аурухананың орналасқан жері мен ауданда халық тығыз орналасқанын ескере отырып, Сарыарқа ауданында мемлекеттік- жекеменшік серіктестік аясында 800 орындық көпсалалы аурухана салынады. Медициналық мекеме әлемдік стандарттарға сәйкес заманауи жабдықтармен жабдықталады", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109