4577

Нұр-Сұлтан прокуратурасы "Экстремизмге бірге қарсы тұру" атты байқау ұйымдастырады

ҚР-да діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында Нұр-Сұлтан прокуратурасы 12 қараша мен 5 желтоқсан аралығында "Экстремизмге бірге қарсы тұру" байқауын бастайды. 

Іс-шара халықтың назарын діни экстремизм мен терроризм проблемаларына аудару, сондай-ақ қоғамның террористік және экстремистік әрекеттің заңға қайшы келетіні туралы құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.

Байқауда үш номинация болады:
- "Вайнердің үздік жұмысы": жасөспірімдер арасында экстремизмнің алдын алуға бағытталған роликтер сайысы. Жұмыстар жасөспірімдерде қоршаған әлемге деген толерантты көзқарас қалыптастыруға, жастар ортасында экстремистік әрекеттерді азайтуға бағытталуы керек. Оларға қазақ немесе орыс тілдерінде берілуі мүмкін. Роликтің ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс.

- "Үздік коллаж/демотиватор": конкурсқа өтінімдер патриотизмді қалыптастыруға, зорлық-зомбылықты, терроризм мен экстремизмге көнбеуге тәрбиелеуге, сондай-ақ жастардың назарын діни экстремизм мен терроризм проблематикасына аударуға бағытталған фото, сурет, коллаж, графикалық дизайн ретінде орындалуы мүмкін.

- "Үздік жоба": жоба Қазақстан халқының әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталуы тиіс. Осы мәселе бойынша жоспар мен ұсыныстар жасау.

Жүлде қорына келетін болсақ, "Вайнердің үздік жұмысы" номинациясы бойынша 1 000 000 теңге, "Үздік коллаж/демотиватор" номинациясына – 500 000 теңге, "Үздік жоба" номинациясына - 1 000 000 теңге беріледі. Сондай-ақ, жалпы жүлде қоры 150 мың теңге болатын екі ынталандыру сыйлығы жоспарланған.

Конкурс шарттары бойынша қатысушылар мемлекеттік-конфессиялық саясатты түсіндіруге, сондай-ақ қала халқының құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға назар аударуы қажет.

Қорытындыны арнайы комиссия 2020 жылғы 6-14 желтоқсан аралығында шығарады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді мына электронды мекенжайға nursultan_konkurs_2020@mail.ru жіберу қажет. Барлық сұрақтар бойынша төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады: 8-701-830-65-30; 8-702-202-00-77.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109