ЕҰУ-де «Сізді қаржыгер мансабы күтеді!» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
12 қарашада Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де сілтемесі бойынша онлайн режимде «Сізді қаржыгер мансабы күтеді!» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеге мемлекеттік органдардың, банктердің, қазақстандық жетекші компаниялардың басшылары мен өкілдері қатысып, қаржы саласындағы үрдістерімен және тәжірибелерімен бөліседі. Іс-шараға сонымен қатар экономика факультетінің соңғы курс студенттері мен магистранттары қатысады, олар жаңа тәсілдер мен қазіргі бос жұмыс орындары туралы біле алады. Ұлттық Банк, Қаржы министрлігі, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, екінші деңгейлі банктер (Jysan Bank, РБК банк, ForteBank, Halyk Bank), сондай-ақ қазақстандық жетекші компаниялары да жұмыс берушілер ретінде қатысады.
Ұйымдастырушы, қаржы кафедрасының профессоры Ботагөз Сапарованың айтуынша, мемлекет бүгінде жастарды қолдауға ерекше назар аударуда.
«Мұндай форматтағы іс-шаралардың арқасында жас және болашағынан үміт күттіретін жоғары оқу орындарының түлектері қызықты және сұранысқа ие жұмысқа орналаса алады. Жәрмеңкедегі ресми презентациялардан басқа, біз қатысушылар үшін арнайы диалог алаңын құрдық, онда олар жұмыс берушілермен жеке кездесулер өткізіп, бос жұмыс орындары туралы сұрақтар қоюға мүмкіндік алды», - дейді Ботагөз Сапарова.
Сондай-ақ ұйымдастырушылар 9-13 қараша аралығында университетте Қазақстан Республикасының қаржыгерлер күніне арналған «Қаржыгерлер апталығы» студенттік ғылыми-практикалық фестивалі өтіп жатқанын атап өтті.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz