3480

Алтай Көлгінов Беларусь елшісі Павел Утюпинмен кездесті

Алтай Көлгінов Беларусь елшісі Павел Утюпинмен кездесті. Қос тарап өнеркәсіп саласындағы мәселелерді талқылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі өз инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

“Нұр-Сұлтанда коммуналдық және ауыл шаруашылығы техникасын, лифтілерді жинау бойынша бірлескен кәсіпорындардың ашылуы, өнеркәсіп салаларын одан әрі дамыту және тауар айналымын арттыру Беларусь Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кездесуде өнеркәсіптік кооперацияны күшейтуге – бірлескен кәсіпорындар мен жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға назар аударылды. Сонымен қатар, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық талқыланды. Түрлі бағыттар бойынша айтылған мәселелер қарастырылды”, - деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109