4581

Елордада «Халықтық қатысу бюджеті» жобасын кеңейту талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласының IX Азаматтық форумы аясында мемлекеттік мекемелер қызметкерлері мен жұмысы жергілікті бюджетті қалыптастырумен және атқарумен тікелей байланысты азаматтық белсенділер «Халықтық қатысу бюджеті» жобасының бағыттарын кеңейтуді талқылады.

«Халықтық қатысу бюджеті» бюджет қаражатын жұмсау бойынша басымдықтарды қалыптастыруға жұртшылықты тартудың перспективалық тетігі болып табылады. Бұл механизм алғаш рет Сарыарқа ауданында енгізілді. Биыл оған елордадағы басқа да аудандар қосылды. Біз барлық қала тұрғындарына осы тетіктің мүмкіндіктері бойынша ақпаратқа тең қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс деп есептейміз.

«Бірінші кезекте, барлық аудан әкімдіктеріне ресми сайттарда арнайы бөлімдер құруды ұсынамыз. Қазіргі уақытта 4 ауданның ішінде бұл айдар тек Сарыарқа ауданының әкімдігінде ғана бар. Бұл механизмнің қалай жұмыс істейтіні туралы ақпарат түсінікті және қолжетімді тілде көрсетілуі тиіс. Келесі кезең халықтық қатысу жобасы бойынша тақырыптар тізімін кеңейту болуы тиіс, елорда тұрғындарының басқа тақырыптар бойынша және қаржыландырудың үлкен көлемінде жобалар ұсынуға барлық мүмкіндіктері бар.», — деп атап өтті «Социум-зерттеу» стратегиялық орталығы» ҚБ төрайымы Алтынай Нұркеева.

Сонымен бірге диалог алаңына қатысушылар өз ұсыныстарын білдіріп, жобаға қолдау білдірді.

Осылайша, 9-12 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық бастамалар орталығы базасында IX Азаматтық форум аясында өткізілген тақырыптық сессиялардың жұмысы толық аяқталды.

Жұмыс топтарын өткізу ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар арасында жинақталған ТКШ, мемлекеттік тапсырыс, қоғамдық мониторинг және т.б. салалардағы мәселелер мен ұсыныстарды талқылауға, сондай-ақ билік пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын дамыту үшін одан әрі ынтымақтастық бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109