4261

Нұр-Сұлтанда "Әйелдер құқығы, отбасылық психология және дағдарыс жағдайындағы мінез-құлық" тақырыбында семинар өтті

"Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында халықаралық зорлық-зомбылықпен күрес күніне орай "Әйелдер құқығы, отбасылық психология және дағдарыс жағдайындағы мінез-құлық" атты практикалық семинар өтті.

Шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі қолдап, "Бақытты Шаңырақ" мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсететін тұрақты даму қайырымдылық қоры ұйымдастырды.

Семинарда әлеуметтік осал топтарға және ниет білдірушілерге арнап, ҮЕҰ өкілдері отбасылық қатынастағы үйлесім, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері айтылды. Сондай-ақ, мамандар қиын өмірлік жағдайда қалған кезде қажетті іс-әрекеттер туралы, дағдарыс орталықтарына, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығының көмегі мен қызметтеріне жүгінуге болатынын айтып берді.

Спикер ретінде отбасылық психолог, қарым-қатынас жөніндегі сарапшы Ержан Мырзабаев және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт” дағдарыс орталығы" КММ директорының орынбасары Шынар Какимова сөз сөйледі.

2000 жылдан бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні жыл сайын 25 қарашада аталып өтіледі. Бұл күн 1960 жылы 25 қарашада Доминикан Республикасында өлім құшқан апалы-сіңлі Мирабальдарды еске алу үшін таңдалды. Бас Ассамблея өзінің қарарында үкіметтерге, БҰҰ жүйесінің мекемелеріне, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарға осы кезеңде қоғамның назарын әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемасына аударатын іс-шаралар өткізуді ұсынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109