4795

Нұр-Сұлтанда үйлер газға қосыла бастады

Нұр-Сұлтанның тұрғын аудандарында үйлерді газға қосу жұмыстары жүргізілуде. Железнодорожный елді мекенінде (Алматы ауданы) бірінші тұтынушы газға қосылды. 700-ден астам тұрғын техникалық шарттар алды, фронт-кеңселерде 3 мыңнан астам адам кеңес алды. Газдың бір текше метрінің бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге төмендетілді.

Газға қосылған алғашқы үйлердің тұрғындары «бізге бір түнде 20-ға жуық көршіміз келіп, қарап, қызығушылық танытты. Әуелде көмірден газға ауысуға болатындығына сенімсіздік болды. Қазір бәрі өте қуанышты. Туыстарымыз жазып, қоңырау шалып, газға қосылғанымызбен құттықтап жатыр».

«Газ тартылды. Бұл ұзақ уақыт бойғы тынымсыз еңбек нәтижесі. Газға 11 қарашада қосылдық. Біздің аудандағы чатта тұрғындар қазір бізден кейінгі көптеген адамдар нақты мысалды көріп, көмірден газға көшуге бел буғанын жазады. Биыл газ тартылатынына сенбейтіндер де болды», - дейді Индустриальный елді мекені тұрғыны Дәулет Бекбосынов.

«Кеше газға қосылдық. Елбасы елордаға газ жеткізілетінін айтқан болатын. Біз сол жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз. Өте ризамыз», - дейді қала тұрғыны Зейнолла Әбдіров.

Агроқалашық елді мекенінің бір бөлігі, Промышленный, Көктал-2 елді мекендері де құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қысымды сынау жүріп жатыр. Қосылу үстіміздегі жылдың желтоқсан айына дейін жоспарланған. Жыл соңына дейін Көктал-1 тұрғындары да газға қосыла алады.

«Елорданы газдандыру - Тұңғыш Президент - Елбасының тарихи жобасы. Газдандыру қоршаған ортаны жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайларын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. Көмірді қайда сақтау керегін, оның сапасын уайымдаудың қажеті жоқ. Адамдар көмірқышқыл газымен уланған жағдайлар болды. Осы мәселелердің барлығы шешімін табады. Газдандыру процесі бірнеше сатыда өтеді және барлық тұрғын аудандар кезең-кезеңімен қосылады. Осы жылыту маусымында ЖЭО-1 және ЖЭО-2 бірқатар қазандықтары да газға ауыстырылды», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Ішкі газбен жабдықтау желілерін орнатқан тұрғындарды қосу үшін Республика даңғылы, 24 мекен-жайы бойынша «Парасат» бизнес орталығы «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ кеңсесіне хабарласу қажет. Бұл ұйым ішкі газбен жабдықтау желілерінің қауіпсіздігі мен тікелей қосылуын тексерумен айналысады, әрі қарайғы жұмысына да жауап береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109