4695

ҮЕҰ елорданың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қандай жұмыстар атқаруда?

Бүгінде елордада 2996 үкіметтік емес ұйым тіркелген, бұл Қазақстандағы ҮЕҰ жалпы санының 13,4% құрайды. Оның 445-і «Заңды тұлғалар бірлестігі», 1282-сі - «Қоғамдық бірлестіктер», 268-і - «Жеке мекемелер» және 1001-і - «Қорлар» құқықтық мәртебесіне ие.

Ұйымдар қарастыратын мәселелердің ауқымы да кең. Олар халыққа психологиялық және құқықтық көмек көрсетеді, сонымен қатар медиатор рөлін де атқарады. ҮЕҰ халықтың әлеуметтік осал топтарын, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қоғамға тартуға және бейімделуіне ықпал етеді.

Өмірлік қиын жағдайларда елорда тұрғындары бірқатар үкіметтік емес ұйымдардан білікті заңгерлік және психологиялық көмек ала алады. Осындай үкіметтік емес ұйымдардың бірі - «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қоры, онда мамандар ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы жағдайларды шешуге, сондай-ақ зорлық-зомбылықтан кейін оңалтуға жүгінгендерге көмектеседі. Сондай-ақ некені бұзу, алиментті тіркеу, мүлікті бөлу процедураларында құқықтық көмек көрсетеді.

«Қорғау Астана» қоры адам саудасының құрбандарымен, құжаттары жоқ адамдармен және қиын жағдайға тап болғандармен жұмыс істейді. Қор тіркеуге, құжаттарды қалпына келтіруге көмек көрсетеді. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандары мен адам саудасының құрбандары үшін ұйымда баспана қарастырылған.

Ағабек Қарабеков атындағы қордың медицина орталығында қан тамырлары патологиясы бар балалардың ата-аналарына тегін медициналық кеңес береді және диагностикалық көмек көрсетеді. ҮЕҰ балаға дұрыс емдеу тактикасын таңдауға көмектеседі. Ұйым сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің қарым-қатынасын және қоғамға араласуын жақсартуға бағытталған әлеуметтік оңалтуға мамандандырылған.

«Strong Mothers» қоғамдық қоры әлеуметтік осал отбасылардың балаларына білім беру курстарын өткізеді. Олар үшін ағылшын және араб тілдерінде оқыту ұйымдастырылған. Қордың екінші бағыты - еріктілік. Сондай-ақ ҮЕҰ көп балалы аналарға заңгерлік қызмет алуға көмектеседі.

Көп балалы аналармен «Алтын шаңырақ» бірлестігі жұмыс істейді. Аналар мұнда қазақтың ұлттық киімдерін, көрпелерін және басқа да ұлттық бұйымдарды заманауи стильде жасауға машықтанады. Осыдан кейін жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс табуға көмек көрсетіледі.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін елордада «Бақытты шаңырақ» әлеуметтік жобасы басталды. ҮЕҰ ерекше баласы бар аналарға жұмысқа орналасуда қолдау көрсетеді. Олар кәсіпті игеруге және кәсіп бастауға үйретіледі.

Ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналары көбінесе кәсіби дамуы мен әлеуметтенуіне уақыттары болмайды. «Мама про» қоғамдық қорында оқу орталығы және балалар бөлмесі бар коворкинг алаңы олар үшін ақысыз жұмыс істейді. Қор әйелдерге кәсіпкерлікті, көпшілік алдында сөз сөйлеуден бастап есеп жүргізуге дейін үйретеді.

«Путь мастерства» қоғамдық қорына жүгінетіндер психологиялық көмек пен табыс табуға мүмкіндік беретін жаңа дағдыларды алады. Қор халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдарға тоқу дағдыларын үйретеді.

Нұр-Сұлтанда «Кәсіпкер ана» әлеуметтік жобасы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы әйелдерге әр түрлі мамандықтар бойынша дағдылар мен машықтарды игеруге көмектеседі. Монтессори әдісі бойынша кәсіпкерлік негіздері IT-бағдарламалау, әлеуметтік медианы насихаттау, фото және видеоография, аспаздық, қолөнер бұйымдары, графикалық дизайнер, копирайтер, SMM маманы, коуч-психолог, тігінші, массаж терапевт, күтуші бағыттары бойынша оқытылады.

«Жаснұр» саңыраулар қауымдастығы есту қабілеті бұзылған адамдарға қолдау көрсетеді. Олар семинар-тренингтер өткізеді, сондай-ақ құқықтық қолдау көрсетеді, сурдоаудармашы қызметі мен тіл курстарын ұсынады.

Аурулардың алдын алуға үкіметтік емес ұйымдар да өз үлестерін қосуда. Осылайша, «Қазақстан кәсіподақтары спорттық-сауықтыру қоғамы» қоғамдық қорының қатысуымен қалада «Салауатты жұмыс орындары» жобасы өтуде, оның аясында ұйымдарда дене шынықтыру және өндірістік гимнастика енгізілуде.

Әлеуметтік қауіпті аурулардың жоғары қауіпті топтар арасында таралуын болдырмау бойынша алдын-алу шараларын ҮЕҰ Human Health Institute тұрақты негізде жүзеге асырады.

Нұр-Сұлтан қалалық азаматтық бастамалар орталығы идеяны жобаға айналдыруға, оны жүзеге асыруға, жүзеге асыруға ақпараттық қызметтер көрсету, сондай-ақ заңгерлік және қаржылық кеңес беру арқылы көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, «Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы «Birgemiz» IX Азаматтық форумы елордада қараша айында өтеді. Іс-шара барысында азаматтық қоғамды дамытудың жаңа тұжырымдамасының негізгі бағыттарын, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуын, қоғамдық бақылаудың тетіктері мен мүмкіндіктерін, ҮЕҰ-ның бәсекеге қабілеттілігін, келешегін талқылау жоспарлануда.

Айта кетейік, Азаматтық форум екі жылда бір рет өткізіледі. Бұған дейін елордада форум 2018 жылы өткен болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109