6655

Праймериз қатысушылары Нұр-Сұлтанды дамыту жобаларын талқылауға тартылады

Нұр-Сұлтан әкімімен кездесуде праймериз қатысушылары жұмысқа орналасу, білім алу, оңалту орталықтарының жұмысы сынды бірқатар мәселелерді талқылады. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Жобаларды талқылауға, түрлі бағыттар бойынша пікір алмасуға және бірлесіп жұмыс атқаруға праймериз қатысушыларын тартамыз. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде қатысушылар жоғары кәсібилігі мен қаланы дамытуға деген қызығушылығын көрсетті.

Ерекше қажеттілігі бар тұрғындарымыздың қоғамдық бірлестігін басқаратын Ардақ Оторбаев менің кеңесшім болып тағайындалды. Ардақ ерекше қажеттілігі бар жандардың күнделікті өмірде қандай проблемаларға тап болатынын біледі. Кездесу барысында осы бағытта қандай жұмыстар атқаратынымыз талқыланды: нысандар мен ғимараттарды пандустармен қамту; ерекше қажеттілігі бар тұрғындарымызды медициналық аппараттармен жабдықтау, мәселен есту аппараттары және т.б.

Сонымен бірге жұмысқа орналасу, білім алу, оңалту орталықтарының жұмысы сынды мәселелер талқыланды. Ерекше қажеттілігі бар адамдарға кәсіби медициналық көмек қажет.

Биыл оңалту орталықтарының желісін айтарлықтай кеңейттік. Тек осы жылы ғана "Ерекше балалар", "Орда", "Мирас" сынды бірқатар оңалту орталықтары ашылды. Мектептер мен медициналық мекемелер базасында инклюзия және оңалту кабинеттері ашылды. Мұның барлығы ДЦП, аутизм, Даун синдромы және т. б. ауруларға шалдыққан адамдарға медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Инватакси саны екі есе артты. Ипподром базасында иппотерапиямен айналысу үшін жабық манеждің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Ардақ Оторбаев пен ерекше қажеттілігі бар адамдармен белсенді жұмыс істейтін басқа да бірлестік өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып, осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. Оларға өмір сұру үшін кедергісіз орта қалыптастыру Мемлекет басшысының бақылауында.

Бұл кездесулер праймеризде талқыланған бағдарламаларды іске асырудың бастамасы ғана екенін көрсетеді.

Елбасы атап өткендей, праймериз – қаланың дамуына және өмір сүру жағдайын жақсартуға өз үлесін қосқысы келетін барлық қазақстандықтар үшін әлеуметтік лифт", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109