4270

Мыңға жуық «Жас сарбаз» тәрбиеленушісіне куәлік табысталды

Елордамыздағы «Жас сарбаз» тәрбиеленушілеріне «Жас сарбаз» қозғалысында бар екенін растайтын куәлігі табысталды. Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар саясаты басқармасы», Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ, ҚР ҚК ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен, онлайн форматта өтті.

«Биыл алғашқы рет 30 мектеп 10 колледж тәрбиеленушілеріне осы құжатты табыстадық. Шараға «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ төрағасы Мендыгалиев Мейірбек Оразұлы, аталмыш оқу орындарының басшылары және оқушылары онлайн форматта қосылды.

Жыл сайын ұйым қатарына 1000-ға жуық «Жас сарбаз» тәрбиеленушісін қатарымызға қабылдап отырамыз. Біз әрбір қатарымызға қабылданған оқушымен тығыз жұмыс атқарамыз», – деді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Налшыбек Асхат Бағдатұлы.

Еске сала кетейік, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық ұйымы осыдан екі жыл бұрын Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен айбынды жастардың басын біріктіру үшін құрылған болатын.

Бүгінде Республика бойынша «Жас сарбаз» тәрбиеленушілерінің саны 200 мыңға жуықтап отыр.

Жыл сайын тәрбиеленушілерге арналған әскери қолданбалы спорт түрлерінен, шығармашылық, спорттық сайыстар, кездесулер, әскери-патриоттық жиындар, ерлік сабақтары өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109