4073

Нұр-Сұлтанда өтетін IX Азаматтық форумда қандай мәселелер талқыланады

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, қоғамдық мониторингті күшейту, сондай-ақ халықтың бюджетке қатысуын кеңейту мәселелерін Нұр-Сұлтанда өтетін «Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы Birgemiz» IX Азаматтық форумы барысында талқылау жоспарлануда.

«Форум мақсаты - азаматтық сектор, мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдар, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығы арасындағы ашық диалогты дамытуды ынталандыру. ҮЕҰ өкілдері белгілі тақырыптарды талқылауға қатысуға, өз ұсыныстарын енгізуге, қоғамның мәселелерін шешуге көмектесуге мүмкіндік алады», - деді брифингте «Нұр-Сұлтан қаласының Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Азамат Өмірзақов.

Ол соңғы уақытта ҮЕҰ рөлі арта түскенін баса айтты. Мемлекеттік емес сектор - қоғамда болып жатқан процестердің барометрі. Әлеуметтік мәселелер солардың қатысуымен шешіледі.

«Камеда» ҚҚ директоры, Азаматтық бастамалар орталығының жетекшісі Махаббат Еспенова IX Азаматтық форум қарсаңында қоғамдық бақылау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және тұрғын үй кешендері мәселелері бойынша тақырыптық сессиялар өткізілгенін айтты.

«Азаматтық бастамаларды дамытуға, ҮЕҰ-ны қолдауға және халықтың өзін-өзі ұйымдастыруы үшін жағдай жасауға әрқашан үлкен көңіл бөлініп келеді. Қазіргі уақытта бізде осы саланы реттейтін нормативтік құжаттардың кең пакеті, өзара әрекеттесу мен қолдаудың түрлі механизмдері бар. Сонымен қатар қазіргі кезеңде үшінші сектордың дамуы азаматтық қызметтің әр түрлі формаларының пайда болуымен және күшеюімен сипатталады. Бұл бір жағынан азаматтық сана деңгейінің жоғарылағанын, екінші жағынан ҮЕҰ-ны қолдаудың инфрақұрылымы және халықтың түрлі топтарының қатысу мәдениетін қалыптастыруды көрсетеді. Сондықтан бүгінде ҮЕҰ әлеуетін арттыру және мемлекет пен коммерциялық емес ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейту жұмыстары әлі де өзекті болып отыр», - деп атап өтті Махаббат Еспенова.

«Форум НКО Астаны» ЗТБ Баян Ахметжанованың айтуынша, әлеуметтік кәсіпкерлік және еріктілер қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

«ҮЕҰ - бір немесе бірнеше әлеуметтік мәселелерді шешу үшін әлеуметтік қызметтер нарығында пайда болатын біздің азаматтық қоғамның белсенді бөлігі. Егер Нұр-Сұлтан туралы айтар болсақ, әлеуметтік салада мыңдаған бағыттар бар. Бұл сонымен қатар әлеуметтік кәсіпкерлік. Қазір заңнама әзірленуде. Қазіргі уақытта серіктестер әлеуметтік код бойынша жұмыс істеп жатыр. «Еріктілер қызметі туралы» заң әзірленіп, толықтырылуы қажет, өйткені көптеген проблемалар біздің қаланың еріктілері тарапынан көтеріледі. Пандемия кезінде еріктілер жақсы нәтиже көрсетті. Олар белсенділікті, ынтымақтастықты көрсетті, тіпті өздігінен ерікті ұйымдары да пайда болды. Біздің азаматтық қоғам неғұрлым белсенді болса, соғұрлым қалада өмір сүру сапасы жақсарады», - деді Баян Ахметжанова.

Естеріңізге сала кетейік, «Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы Birgemiz» IX Азаматтық форумы елордада қараша айында өтеді. Азаматтық форум екі жылда бір рет өткізіледі. Бұған дейінгі елордадағы форум 2018 жылы өткен болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109