23 қарашада Алаш тас жолы көпірінің қозғалысы жабылады
23 қараша күні сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Алаш тас жолы (Бөгенбай батыр көпірі) көпірінің оң жақ шеткі жолағын Уәлиханов көшесінен орталық базар бағытын жабу жоспарлануда.
"Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының таратқан хабарламасында.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz