Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты жас ақындар мүшәйрасы өтеді
Нұр-Сұлтанда 27 қарашада «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты VIIІ дәстүрлі жас ақындар мүшәйрасы өтеді. Тұңғыш Президент күніне орай онлайн режимде өтетін шараға техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері қатыса алады.
Мүшәйра екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қаланың оқу орындарынан келген жас ақындардың бейнежазбаға түсірген өлеңдері іріктеліп алынады. Екінші кезеңде ZOOM платформасы арқылы шығармалардың оқылуы тікелей эфирде бағаланады.
Мерекелік шараға қаланың білім саласының өкілдері, әдебиеттанушылар мен мәдениет қайраткерлері шақырылған. Байқау қонақтарына «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» өлеңдер жинағы беріледі.
Іс-шараны елордалық білім басқармасы мен Нұр-Сұлтан жоғары көлік және коммуникация колледжі ұйымдастырды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz