3766

Еркін күрестен ел чемпионатында елорда командасының нәтижесі белгілі болды

Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген балуандар 10 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтап, үздіктері ұлттық құрамаға жолдама алды. Елордалық еркін күрес шеберлері де бұл додада аянып қалмады. 92 келіге дейінгілер арасында Ералы Абдрашев шешуші сында маңғыстаулық палуанға есе жіберіп ел чемпионатын күміс жүлдемен аяқтады. Ал, Нұрғали Нұрғайыпұлы дәл осы салмақ дәрежесінде үшінші орын алды. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрлан Бекжанов үшінші орын үшін күресте алматылық Дархан Есенғалимен жолығып, жеңіске жетті. 

Осылайша еркін күрестен Нұр-Сұлтан қаласы құрамасының қоржыны 1 күміс пен 2 қола медальмен толықты.

Балуандар бәсекесін бүгін әйелдер күресі жалғастырып, ертең грек-рим күрес шеберлері сынға түседі. Ел чемпионаты карантин талаптарына сақтай отырып, көрерменсіз өтуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109