4666

Мыңнан астам жеке және заңды тұлға карантинді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Елордада полицейлер, еріктілер мен әкімдік өкілдері сауда орталықтарына, дүкендер және адамдар көп жиналатын басқа да орындарда рейд жүргізуде. Іс-шараның мақсаты - коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу. Карантиннің күшеюіне қарамастан, бірқатар мекемелер әлі де талаптарды елемей отыр.

Сонымен, 21 қарашада сағат 18:30-да мобильді топ New Stars мейрамханасына барып, "Беташар" рәсімі өткенін анықтады. Тойда полиция қызметкерлері шамамен 70 адам болғанын алға тартады.
Осындай талап бұзушылық "Алаш" және "Багратион"мейрамханаларында анықталған. Біршама қонақ жиналған.

21 қараша күні сағат 23:32-де мобильді топ 40-қа жуық адам жиналған IZI Bear bar барын анықтады.

"Көптеген нысандар жұмыс режимін бұзып жатады. Санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес тамақтану орындары 22:00-ге дейін жұмыс істеуі керек. Бүгінгі таңда көптеген нысандар жұмысын жалғастыруда, көп адам болып жиналатын жерлер де бар, бұған тыйым салынады. Бұл үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады",-деді Есіл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бөлім басшысы Айман Жанатаева.

Карантинді бұзған мекеме иелеріне қатысты жиналған материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін, Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

23 қарашадағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне аудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзуға жол берген тұлғаларға қатысты 2129 материал келіп түсті. 1069 жеке және заңды тұлға жалпы сомасы 210 747 966 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі күні жалпы сомасы 162 395 245 теңгеге 825 әкімшілік айыппұл төленді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109