Алаш тасжолы бойындағы көпірдегі қозғалыс 24 қарашада ішінара жабылады
24 қарашада сағат 12: 00-ден 18: 00-ге дейін Аллаш тас жолының көпірінен (Бөгенбай батыр даңғылы үстінен өтетін көпір) Уәлиханов көшесінен Орталық базар бағытында жолдың оң жақ бөлігін жауып тастау жоспарлануда.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліске жол бермеу үшін өз бағдарларын алдын-ала жоспарлауы керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz